logo
search
menu

Ресейдегі мигранттарды өз елдеріне қайтуға үгіттеп жатыр

Ресейдегі мигранттарды өз елдеріне қайтуға үгіттеп жатыр
17 шілде, 2023
Ресейдегі мигранттарды өз елдеріне қайтуға үгіттеп жатыр
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Ресейдегі мигранттарды өз елдеріне қайтуға үгіттеп жатыр, деп хабарлайды Taulik.kz. Әлеуметтік желілерде Новосибирскіде мигранттар үшін ілінген үнпарақтардың суреті тарап жатыр. Жергілікті тұрғындар мигранттарды туған елдеріне оралуға шақырған үнпарақтардың ілініп жатқанын байқаған. Ulysmedia.kz жазуынша, плакаттарда Ресейдің жақын шет елдермен шекаралары ашық екені жазылған. "Жақсы жаңалық! Сен үйіңе оралып, өз еліңіздің экономикасын көтеруге көмектесе аласың", - делінген үнпарақта. Үгіт-насихат қағаздарында мигранттардың отаны саналатын бірнеше елдің тізімі бар: Қазақстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Армения, Грузия, және Тәжікстан.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы