Taulik.kz | Тәулік бойы ақпарат тарату алаңы | Тәулік жаңалықтары | Бүгінгі жаңалық RU search
14 шілде, 2023 / taulik / Жаңалықтар

Біздің зауытта жұмыс істеу атадан балаға жалғасып келе жатыр – Ержан Әділбек

Біздің зауытта жұмыс істеу атадан балаға жалғасып келе жатыр – Ержан Әділбек

Біздің зауытта жұмыс істеу атадан балаға жалғасып келе жатыр – Ержан Әділбек
ашық дереккөзі
11 шілде, 2023 ж. Қарағанды, Қазақстан. Халық тұтынатын тауарлар секторындағы алғашқы және ең ірі инвесторлардың бірі «Эфес Қазақстан» Астана күні мерекесінің қарсаңында Қазақстандағы табысты қызметтің 26 жылдығы мен аты аңызға айналған «Карагандинское» брендінің 65 жылдығын атап өтті. Мерейтойға орай «Эфес Қазақстан» ШК АҚ Қарағандылық зауытының базасында фирмалық құйылмалы сыра дүкенінің ашылу салтанаты өтті.  width= Жаңа дүкеннің ашылуы салатанатты шара түрінде өтіп, кейін келген қонақтар мен БАҚ өкілдеріне зауыт тарихынан сыр шертетін көрме ұйымдастырылды.  width= «Эфес Қарағанды сыра қайнату зауыты» зауытының директоры Әділбеков Ержан мырзамен сұхбаттасып, зауыт туралы сұраудың сәті түсті. Өзіңіз туралы айтып өтсеңіз? Бұл зауытқа яғни компанияға 2001 жылдың тамыз айында келдім. Өзім Шығыс жақтың тумасымын. Сол кезде қатардағы сату бөлімінің маманы ретінде жұмысқа орналастым. Нақтырақ айтқанда, компанияның ШҚО бойынша сату бөлімінің маманы ретінде келдім. 2007 жылы Астана қаласына осы аймақтағы сату бөлімінің басшысы ретінде келдім. 2009 жылы Қарағанды өңірі сату бөлімінің менеджері ретінде жұмысқа тағайындалдым.  width= 2011 жылдың жаз айларында осы EFES Қазақстан компаниясына қарасты «Қарағанды зауытының» басшысы лауазымына тағайындалдым. 2001 жылдан бастап есептесек, менің осы компанияда жұмыс істеп келе жатқаныма 22 жыл. Алғаш келген кездегі күйіңіз және қазіргі жетістік туралы айтып өтсеңіз? Сату департаментінде 2001 жылдан бастап жұмыс істегендіктен мен бұл Қарағанды зауытының жағдайын өте жақсы білемін. Себебі 2001 жылы мен жұмысқа қабылданған кезде бұл компанияның тек бір ғана зауыты бар болатын. Ол – Қарағанды зауыты. Ал Алматыдағы екінші зауыт 2003 жылы тамыз айында ғана ашылды. Одан бері бұл зауытта үлкен-үлкен өзгерістер болды. Қомақты инвестициялар салынды. Көрсеткіштер жылдық есеп бойынша тек ұлғайып отырды.  width= Компанияның Қарағанды және ел экономикасына тигізіп жатқан пайдасы туралы не айтасыз? Бүкіл Қазақстанды емес, бір ғана Қарағанды зауытын алатын болсақ, біз жылына орта есеппен 24-25 млрд теңге мемлекетке салық төлейміз. Бұдан бөлек Қарағанды зауыты облыс орталығында орналасқандықтан әлеуметтік жұмыстар бойынша көп шараларға қатысып, көмек қолын созамыз. Атап айтқанда:  2022 жылы «Жыл меценаты» номинациясын жеңіп алдық әкімдік тарапынан. Оған басты себеп пандемия кезінде қалалық ауруханаларда вирус жұқтырған азаматтарға көмектестік. Зауыт қанша азаматты жұмыспен қамтамасыз етіп отыр? Дәл қазіргі уақытта 235 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отырмыз. Ең жасы үлкені – 63 жаста. Ең жасы – 21 жаста. Яғни біздің компанияда атадан-балаға дейтін дәстүр қалыптасқан. Бір отбасының атасы, әкесі және баласы қызмет етіп, ұрпақтан-ұрпаққа кезек беріп келе жатқандары да бар.  width= Жақында кеңінен аталып өткен зауыттың мерейтойы туралы айтып кетсеңіз Бұл көптен күткен қуаныш. Биыл зауыттың ғана емес, жергілікті «Карагандинское» брендінің 65 жылдық мерейтойын тойлап отырған жайымыз бар. Шараға серіктестер, компания қызметкерлері мен БАҚ өкілдері арнайы қонақ ретінде шақырылып, атақты «Үркер» тобы өнер көрсетті. Өнімнің арнайы мерейтойлық партиясы шығарылды, зауыт іргесінен арнайы дүкен ашылды.  width= Дүкенге келген қонақтар тек қана біздің өнімдермен танысып қана қоймайды, сондай-ақ біздің компания туралы көптеген мағлұматтарды алуларына болады. Бұл жоба ұзақ уақыт бойы дайындалып, қарағандылық суретшілермен безендірілген. Дүкенге кірген кезде кәсіпорынның символына айналған бүркіт бейнесі мен тарихтан сыр шертетін суреттер ілінген. Сондай-ақ келушілер тікелей зауыттан келетін ең балғын өнімдермен таныса алады.  width= Неліктен бүркіт таңдалды? Бүркіт азаттықтың нышаны ғана емес, Сарыарқа даласының мақтанышы. Алып қыран – көптеген символдық мәнге ие айбынды құс. Бүркіт өзінің күштілігімен, сымбаттылығымен және ұлылығымен танымал. Бұл күштің, жоғары сапа стандарттарының және мінсіздікке ұмтылудың белгісі. Өз кезегінде бұл біздің компаниядағы жұмысымызда көрсететін құндылықтар. Бренд ретінде біз тұтынушыларымыздың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жоғары сапалы өнімдерге, үздіксіз жақсартуға және инновацияларға ұмтыламыз. Біз өз жетістіктерімізбен мақтанамыз және ұшқан алтын қырандай батылдық пен табандылықпен қиындықтарды жеңеміз. Сондай-ақ, біздің компания әлеуметтік жауапкершілік жолында бүркіт құсының санын арттыруға ықпал етті. Қыран құс Қызыл кітапқа енгізіліп, бірнеше жыл бұрын олардың саны азайған еді. Біздің компания бұл ретте өз үлесін қосып, бүркіттердің Арқа даласында кеңінен таралып, өсуіне бар күшін салып келеді. Әңгімеңізге рақмет!