Конкурстық комиссияның шешіміне және меритократия қағидаттарына сәйкес Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы лауазымына Көшкінбаев Алпамыс Жаңабайұлы тағайындалды.
Көшкінбаев Алпамыс Жаңабайұлы 1984 жылы Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Көпжасар ауылында дүниеге келген.
Білімі жоғары, М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін математика және Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін есеп және аудит мамандығы бойынша аяқтаған.
Әр жылдары:
-Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің оқытушысы;
- Орал қалалық ішкі саясат бөлімінің бас маманы;
- Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жетекші маманы;
-Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тілдерді дамыту секторының бас маманы;
-Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасының саяси партиялармен жұмыс бөлімінің жетекші маманы;
-Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасының ақпараттық саясат және бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс бөлімінің бас маманы;
-Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Мәдени-ағарту бірлестігі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры;
-Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің меңгерушісі;
-Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды.
Бүгінгі күнге дейін Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары болып қызмет етті.