«Дос-Мұқасан» ансамблінің негізін қалаушылардың бірі өмірден өтті

«Дос-Мұқасан» ансамблінің негізін қалаушылардың бірі өмірден өтті

ашық дереккөзі

«Дос-Мұқасан» ансамблінің негізін қалаушылардың бірі, барабаншы Александр Литвинов дүниеден өтті, деп хабарлайды Taulik.kz.

«Бүгін түнде 75 жасында Литвинов Александр Михайлович өмірден өтті. Ол біздің ансамбльдің негізін қалаушылардың бірі, барабаншы болды. «Дос-Мұқасан» ансамблі әріптесіміздің балаларына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады. Ол біздің жүрегімізде мейірімді, ашық-жарқын, қашан да қол ұшын созатын жан ретінде қалады. Жатқан жері жайлы болсын!» делінген «Дос-Мұқасан» тобының Instagram-дағы парақшасында.

   

Loading...