Қазақстан қылмыс ең көп орын алатын елдердің қатарына кірді

Қазақстан қылмыс ең көп орын алатын елдердің қатарына кірді

ашық дереккөзі

Numbeo порталының дерегінше, Қазақстан 2022 жылдың бірінші жартысы бойынша қылмыс ең көп орын алатын елдердің ішінде 47-орынға жайғасқан. Қылмыс ең көп орын алатын елдердің рейтингісі жылына екі рет жасалады. Қылмыс деңгейі қылмыстың орындалу индексі бойынша қарастырылады. Яғни сол елдегі болған қылмыстық оқиғалардың индексіне қарай рейтинг жасалады. Мәселен, 0-19,99 арасы ең төменгі көрсеткіш, 20-дан 39,99 – төменгі көрсеткіш, 40-тан 59,99-ға орташа деп есептелсе, 60-79,99-ға дейін жоғары, 80-нен ары асқандар өте жоғары деңгейді білдіреді. Әлем елдерінің ішінде қылмыс ең көп тіркелген және индекс бойынша 83,16 көрсеткішпен тұрған Венесуэла болса, одан кейінгі орында Папуа – Жаңа Гвинея мен Ауғанстан орын алған.

Loading...