logo
search
menu
Сарыағашта халықаралық іздеуде жүрген ресейлік азамат ұсталды
ашық дереккөзі

Сарыағашта халықаралық іздеуде жүрген ресейлік азамат ұсталды

Сарыағашта халықаралық іздеуде жүрген ресейлік азамат ұсталды Сарыағашта халықаралық іздеуде жүрген ресейлік қолға түсті, – деп хабарлайды Taulik.kz сайты Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.  Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Сарыағаш АПБ-мен бірлесіп, халықаралық іздеуде жүрген Ресей Федерациясының азаматын ұстады. Анықталғандай, күдікті РФ Самара қаласында бөтеннің мүлкін ұрлаған. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, полицейлер күдіктіні Сарыағаш ауданынан ұстады. Ер адам шекара арқылы Өзбекстан Республикасына өтпекші болған. Қазіргі уақытта күдікті УҰИ-ға қамалды. Полицейлер оқиғаның толық мән-жайын анықтау үстінде.

Taulik.kz