Алматыда кешкі сағат ондар шамасында 102 пультіне Розыбакиев көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінің 25-ші қабатынан әйел адам секіріп кетті. Бұл туралы Polisia.kz телеграм арнасы хабарлады.
Оқиға туралы айтылған ақпарат расталды. Марқұмның жеке басы анықталды.
Бостандық ауданының полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы "Өзін-өзі өлтіруге итермелеу" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Оқиғаның мән-жайы мен себебі анықталуда.
Taulik.kz