«Менің ойымша, мектеп формасы аса қажет емес. Бұл біздің жеңіл өнеркәсібімізді бос ұстаудың бір жолы ғана. Мектеп формасын міндетті түрде кию балалар арасындағы әлеуметтік теңдік мәселесін шешпейді.Кешірерсіздер, бірақ бүгінде балалар киімнен басқа да маңызды дүниелерді ой елегінен өткізе алады.
Мұны көптеген басқа нәрселермен салыстырып көруге болады. Мысалы, баланы мектепке қандай көлікпен апарады, қайда тұрады, смартфонының қандай моделі бар немесе қалтасында қанша ақша бар, т.б. Мұның бәрін ешбір мектеп формасы түзете алмайды».
Taulik.kz