Ұйқы салы немесе бастырылу зиян ба: Мамандар жауап берді

Ұйқы салы немесе бастырылу зиян ба: Мамандар жауап берді

ашық дереккөзі

Түнде адамдар дәрменсіз күйге еніп, ұйықтап жатып тұншығып, сөйлей алмайтын күйге еніп жатады. Бұл құбылыс ғылым тілінде "бастырылу" деп аталса, кейбірі оны тылсым күштердің әсерінен болатын құбылыс деп санайды, деп жазады Taulik.kz. Бастырылып қалу күйі қанша уақытқа созылуы мүмкін? Бастырылып қалудың не екенін ғылыми тілде түсіндіретін болсақ, бұл – түнде санаңыз ояу болып, айналаңызда не болып жатқанын білсеңіз де, денеңіз қозғалмай, сал болып қалуы, тіліңіздің күрмеліп, дауысыңыздың шықпай қалуы. Бұған қоса адамдар бұл күйде бөлмеде басқа адамның жүргенін, оның алқымнан алып, қысып жатқанын, я болмаса сүйреп, итеріп жатқанын сезеді. style.rbc.ru порталы берген ақпаратқа сүйенсек, ғалымдар әлем халқының кем дегенде 7,6%-ы дәл осы күйді басынан өткеретінін айтқан. Сол сияқты ұйықтаған кезде бастырылып қалатын адамдардың 35%-дан астамында бұл жағдай жиі қайталанады екен. Басылым "ұйқы салы" туралы негізгі 6 деректі мысалға келтіреді:

  • бастырылып қалу бірнеше секундтан бірнеше минутқа дейін созылады;
  • адамдар бастырылғанда, қозғалу және сөйлеуге қабілетсіз болып қалады;
  • кейде тұншығып, елестер көруі мүмкін;
  • көп жағдайда жасөспірімдерде жиі кездеседі, алайда ересектердің арасында да кездесетін жағдайлар жоқ емес;
  • әдетте адам жаны қатты күйзелгенде немесе ұйқы режимі бұзылған уақытта болады;
  • адам өміріне ешбір қауіп төндірмейді, бірақ кей жағдайларда дәрігердің араласқаны абзал.

style.rbc.ru жазуынша, мамандар түнде бастырылатын адамдарды мынадай 3 санатқа бөледі екен:

  1. Әлдекімнің бөлмеге кіріп келуін сезу – ұйықтап жатқан адамға үйдің есігі ашылған сияқты болып көрінеді немесе ол адамның көлеңкесін көреді, я болмаса бөлмеде біреу жүргендей көрінеді, сол себепті адам қатты қорқып, қара терге түседі;
  2. Адам бөлмеде тылсым күш барын сезеді – кеудесінде тынысы тарылып, әлдекім оны алқымынан алып, тұншықтырып жатқандай сезімде болады, мұндайда адам өзін өлім алдында жатырмын деп ойлайды;
  3. Түрлі түсініксіз "сезімдер"- адамдар денесінен жаны шығып кеткендей, болмаса биіктен құлап бара жатқандай немесе керісінше биікке ұшқандай күй кешеді.

Бастырылу кезінде адамға түрлі нәрсе елестейтіні рас па? Вашингтон университетінің клиникалық психологы, "ұйқы салын" көп жылдар бойы зерттеп жүрген ғалым Брайан Шарплесстың зерттеуінен үзінді келтірген. Онда психолог науқастарының бірі, бастырылған кезде кішкентай вампир қызды көргенін айтқан. Науқастың айтуынша, кішкентай вампир қыз әйелді қолынан ұстап, тозаққа апарамын деп қорқытқан.

Loading...