Алматыда автокөлік аялдамада тұрған жеті адамды қағып кетті

Алматыда автокөлік аялдамада тұрған жеті адамды қағып кетті

ашық дереккөзі

Алматыда автокөлік аялдамада тұрған адамдарды соғып, соның салдарынан жеті адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Taulik.kz Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап. Әлеуметтік желіде жарияланған видеода айтылғандай, Mercedes жеңіл көлігінің жүргізушісі Абылай хан – Райымбек даңғылдарының қиылысындағы автобус аялдамасын қиратып, артынша 7 адамды жарақаттаған. Аталған оқиғаға қатысты пікір білдірген ПД өкілдері оқиғаның 28 тамызда сағат 12:20-да болғанын айтты.

«Mercedes көлігін басқарған 36 жастағы жүргізуші Абылай хан даңғылы бойымен оңтүстік бағытқа қарай келе жатып, Райымбек даңғылына солға қарай бұрылған сәтте рөлге ие бола алмай қалып, аялдамаға келіп соғылған. Жол-көлік апаты салдарынан аялдамада тұрған 7 адам қаланың емдеу мекемелеріне жеткізілді», - делінген хабарламада.

Жол-көлік оқиғасы фактісін Алмалы ауданы ПБ қызметкерлері тіркеп, өндіріске қабылдады.

Loading...