Ұлыбританияның The Guardian басылымы Украина қарулы күштері НАТО өкілдерімен кеңескеннен кейін тактикасын өзгертті, деп хабарлады Taulik.kz. Кездесу Польша мен Украинаның шекарасындағы құпия орында болып, шамамен бес сағатқа созылған. Британдық басылымның хабарлауынша, кездесуден кейін Украина әскері Запорожье облысындағы майданға басымдық беретін болып шешті. Қазір екі жақтың қарулы күштері Запорожье облысында шайқасып жатыр. Halyq-uni.kz жазуынша, кездесуге Украина қарулы күштерінің бас қолбасшысы Валерий Залужный, НАТО-ның Еуропадағы біріккен қарулы күштерінің жетекшісі генерал Кристофер Каволи мен Ұлыбританияның қорғаныс штабының бастығы Энтони Радакин қатысты.
Loading...