Үстіне диван құлаған ақтаулық азамат көз жұмды

Үстіне диван құлаған ақтаулық азамат көз жұмды

ашық дереккөзі

Ақтауда үстіне алтыншы қабаттан диван құлап, мойын омыртқасы сынып, сал болып қалған ер адам көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады. Туысының айтуынша, ол ағасының көз жұмғанын 26 тамызда дәрігерлерден білген.
"Германия мен Ресейден мамандарды шақыруға мәжбүр болдық, өйткені Қазақстаннан бірде-бір дәрігер оны қысымның асқынуына байланысты қабылдаған жоқ. Біз қайда бармадық?" – дейді марқұмның бауыры.
Ол осы жағдайға кінәлі адамды әдейі “жасырып отыр” деп есептейді.

Loading...