Жыл соңына дейін Алматы мектептерінің аумағында 97 «Сергек» бекеті орнатылады, деп хабарлайды Taulik.kz.
Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, оқу жылының алғашқы апталарында полиция қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет етеді. Сонымен қатар білім беру мекемелері маңындағы жаяу жүргіншілер өткелдерінде кезекшілік атқарып, жүргізушілермен жұмыс істейтін болады.
"Оқу жылының бастапқы кезеңінде жол қозғалысы қауіпсіздігінің деңгейін арттыру үшін мектеп округтерінде патрульдік полиция экипаждары, ювеналды полицейлер кезекшілік ететін болады. Бүгінгі таңда мектептердің жанындағы жол белгілерін ауыстыру, жасанды төмпешіктерді орнату жұмыстары жүргізілді. Барлығы 62 жасанды төмпешік орнатылды", – деді Салтанат Әзірбек.