Қыркүйек айында Қазақстандықтарды не күтіп тұр

Қыркүйек айында Қазақстандықтарды не күтіп тұр

ашық дереккөзі

1 қыркүйектен бастап елімізде шәкіртақы мөлшері өседі

2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап ай сайынғы мемлекеттік шәкіртақы мөлшері артады. Үкімет қаулысына сәйкес бакалавриат студенттерінің шәкіртақысы 20%-ға, магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы 15%-ға, техникалық және кәсіптік білім студенттерінің шәкіртақысы 50%-ға артады.

Қазақстандықтар 2023 жылдың қыркүйегінен бастап үй жануарларын тіркеуге міндеттеледі

Үй жануарларын тиісті мерзімде тіркемеген азаматтарға айыппұл салынады. "Есепке алудың егжей-тегжейлі тәртібі тиісті ережелерде айқындалатын болады. Бұл процесс жануарлардың иесінің есебінен жүзеге асады. Ал халықтың әлеуметтік осал тобына жататын азаматтарға бұл рәсімнің ақшасын мемлекет төлейді. Мұнымен қатар, иттердің өз бетімен жүруіне тыйым салынған", – деп түсіндірді Әлия Шалабекова. Сонымен қатар НҚА-ның бірқатар жобасы қаңғыбас жануарлармен жұмыс істеуді реттеуге бағытталған.

2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап алматылықтар «Халық қатысатын бюджет» жобасына қатысу үшін өтінім бере алады

Алматы аудандарының аумақтарын дамыту және абаттандыру бойынша өтінімдерді қабылдау 1 қыркүйектен басталып, ағымдағы жылдың 20 қыркүйегіне дейін жалғасады.Сараптамалық кеңестердің бағалауынан өткен және дауыс беруде көшбасшы болған жобаларды Алматы аудандық әкімдіктері 2024 жылы іске асыратын болады. Қала тұрғындарының бастамалары интернет-портал арқылы жіберілуі тиіс budget.open-almaty.kz жобалық ұсыныстың атауы мен сипаттамасын, орналасқан жерінің мекен-жайын, болжамды фотосуретті немесе эскизді, жобалық ұсыныстың сметасын (интернет желісінен шамамен есептеулер мен мысалдарға жол беріледі) қамтиды.Жобалық ұсыныстар келесі критерийлерге сәйкес келуі керек:

  • бір автор-бір өтінім-бір объект;
  • нысан жалпы пайдалануды қамтуы керек;
  • объект оны іске асыру жоспарланып отырған аудан аумағында, жалпы пайдаланымдағы жер учаскесінде орналасуы тиіс;
  • бір жобалық ұсыныстың құны 86,2 млн теңгеден аспауы тиіс.

Тоқаев қыркүйек айында Қазақстан халқына жолдауын жариялайды Ақорданың хабарлауынша, мемлекет басшысы қыркүйек айында жарияланатын Қазақстан халқына жолдауында елдің экономикалық саясаты туралы өзінің көзқарасын баяндауды жоспарлап отыр.

Жолдау республикалық телеарналар мен ақпарат агенттіктерінің сайттарынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Сондай-ақ президенттің баспасөз қызметінің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан жедел ақпарат таратылады.

2023 жылғы 1 қыркүйегінен бастап СОТТЫЛЫҚ өзгереді 2023 жылдың 27 наурызында Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне процестік заңнаманы жетілдіру және сот жүйесін реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы № 216-VII ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Яғни, 1 қыркүйектен бастап неке және отбасы қатынастарынан туындайтын істердің соттылығына заңнамалық жаңартулар жүзеге асады.

Тәрбиешілердің жалақысы 30%-ға артады

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың айтуынша, биыл қыркүйек айынан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құзіретті мамандарды тарту мақсатында биыл қыркүйек айынан бастап тәрбиешілердің жалақысы 30%-ға артады және бұл шара өз жалғасын табады.

Бастауыш сынып оқушылары тегін тамақтанады Президенттің тапсырмасын орындау мақсатында 1 қыркүйектен бастап 1,4 млн бастауыш сынып оқушысы тегін тамақпен қамтамасыз етіледі.

Сондай-ақ 1 қыркүйектен бастап ағылшын тілі оқытылмайды. Ағылшын тілі пәні 2-сынып мектеп бағдарламасынан алынып тасталады. 10-11 сыныптарда шет тілі бойынша сағат саны 1 сағатқа артады.

Жатақхана шығыны өтеледі Биыл қыркүйек айында басқа қалаларда тұратын ата-анасынан айырылған 7145 студенттің жатақханада тұру шығыстары өтелмек. Олардың ішінде 4 651 жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған студенттер, 2 494 мүгедектігі бар, қалғаны бала кезінен мүгедектігі бар студенттер.

1 қыркүйектен бастап колледждерде оқыту әдісі өзгереді

2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап колледждерде алты бағыт және 16 пән бойынша жаңа үлгілік оқу бағдарламалары енгізіледі. Жаңа үлгілік оқу бағдарламаларында жұмыс беруші талаптары мен өңір ерекшеліктері ескеріледі және сағат саны мен тақырыптардың мазмұнын 25%-ға дейін өзгерту көзделген.

Loading...