Танымал актер Асылхан Төлеповтің жұбайы Айсұлу Нарымбекқызы "Яндекс" жүргізушісі рөлде келе жатып насыбай атқанын, соның әсерінен жолда ұйқылы-ояу күйде көлік жүргізгенін айтып шағымданған еді. Компания өкілдері осы мәселеге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Taulik.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Айсұлу Нарымбекқызы такси бағасы қымбат екеніне қоса, жүргізушілер де қауіпсіздікті сақтамайтынын айтқан болатын.
"Яндекс, такси жүргізушілеріне назар аударыңыздар. Салонда үш баламен отырдық, жүргізуші көлік тізгінінде келе жатып, насыбай атып отырды. Сөйтіп, ұйықтап кетті. Рөлде отырып. Біздің ескертуімізге елең етпеді, өйткені ұйқылы-ояу күйде отырды. Бағаны аспаннан алғандарыңыз аздай, енді жүргізушілеріңіз де аспанда қалықтап жүр", - деп жазған еді ол.
Компания өкілдері бұл оқиға анықталып жатқанын мәлімдеді.
"Жүргізуші жұмыс істейтін парк тасымалдаушымен бірге болған оқиғаны анықтап жатырмыз. Жүргізуші біздің қызметіміздің тапсырыстарынан шеттетілді", - делінген жауапта.
\