Белгілі журналист Түркияда кішкентай сәбиімен бірге қаза тапты

Оқиға Алания қаласында орын алған

ашық дереккөзі

Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, жол апатынан Қазақстанның үш азаматы зардап шеккен. Оқиға орнында қазақстандық журналис пен оның екі жасар баласы көз жұмған. Ал күйеуі ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген, деп жазады Taulik.kz.

«Белгілі журналист, «Зейін Атырау» ерекше балаларды оңалту орталығының негізін қалаған Арайлым Бағытжан Антальядағы ірі жол апатына түсіп, өмірден өтті. Әріптесімізбен бірге кішкентай сәбиі де о дүниелік болды. Жолдасы қиын жағдайда ауруханада жатыр.

Қазіргі уақытта Түркиядағы Қазақстан елшілігімен арада келісімдер жүргізіліп, ауруханада қиын жағдайда жатқан бауырымыздың тиісті ем алуына жағдай жасалып жатыр.

Марқұмдардың мәйітін елге алдыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр», – деп жазды Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев.

 

Loading...