Тоқаев ОСК төрағасымен мәслихат депутаттарының мерзімінен бұрынғы сайлауына дайындықты талқылады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровпен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының мерзімінен бұрынғы сайлауын ұйымдастыруды талқылады, деп хабарлайды Taulik.kz.
Мемлекет басшысы сайлау «Заң және Тәртіп» деген конституциялық қағидатқа сай өтуі керектігін атап өтті. Сондай-ақ барлық кандидаттар мен саяси партиялар үшін тең жағдай жасау маңызды екенін айтты.
Президенттің сөзінше, депутаттар корпусының жаңаруы жергілікті өкілді органдардың жұмысына жаңа серпін беруі тиіс.