Белгілі заңгер Аймағамбетовті отставкаға жіберуге болатыны туралы айтты: Министр заңды білмей ме?

Белгілі заңгер Аймағамбетовті отставкаға жіберуге болатыны туралы айтты: Министр заңды білмей ме?

ашық дереккөзі

ҚР оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов кеше ұлына мектеп формасын сатып алуға қанша ақша жұмсағанын айтып, бірнеше ақ жейде, шалбар, костюм, галстук алуға шамамен 35 мың теңгеге жуық қаражат жұмсағанын айтты, деп хабарлайды Taulik.kz сайты halyq-uni.kz-ке сілтеме жасап. Министр осы мәлімдемесінен кейін ұлының мектеп формасына қанша жұмсағанының түбіртегін де көрсетті. Оның жазуынша, мектеп формасын алуға 36 000 теңге кеткен. Одан бөлек келесі түбіртекте портплед бағасы 20 000 деп көрсетілген. Өзі жариялаған түбіртектің жалпы сомасы – 56 000 теңгедей. Оқу-ағарту министрінің мәлімдемесін белгілі заңгер Жангелді Сүлейманов сынға алып, көпшіліктен Asia Park сауда-ойын-сауық орталығындағы GLASMAN дүкеніне барып, заттаңбадағы мата құрамын суретке түсіруді сұрады. Заңгер атап көрсеткендей, Білім және ғылым министрлігінің талабы бойынша, мектеп формасы 100% мақтадан немесе жартылай жүн қосылған матадан тігіледі.

«Егер көйлек 100% (мақтадан) болмаса, шалбар мен пиджак жартылай жүн қосылған матадан болып шықпаса, министр отставкаға кетуге тиіс. Біріншіден, министр заңға қайшы мектеп формасын сатып алмауы керек. Екіншіден, мұндай мектеп формасын сатуға тыйым салу үшін шара қолдануы керек. Егер кәдімгі матадан тігілген форма қымбат және қолжетімсіз болса, онда міндетті форманы енгізудің қажеті жоқ. Сөз соңында айтарым, министрді қызметінен босата беруге болады, өйткені пиджак жартылай жүн қосылған матадан емес, 35% вискоза және 65% полиэстерден тігілген және ол синтетика», - деп жазды заңгер.

Loading...