logo
search
menu

Маск X/Twitter әлеуметтік желісін ақылы етпек

Төлем жасаған жазылушыларға ұзақ жариялымдар қолжетімді болады
19 қыркүйек, 2023
Маск X/Twitter әлеуметтік желісін ақылы етпек

Мазмұны

    Илон Маск бұрын Twitter деп аталған X әлеуметтік желісін барлық пайдаланушы үшін ақылы етуді көздеп отыр, деп хабарлайды Taulik.kz

    Ол бірнеше күн бұрын Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен сөйлесіп, боттарға қарсы тұратын жалғыз амал платформаға қолжетімділікті ақылы ету екенін мәлімдеді.

    «Біз платформаны пайдалану үшін айына кішігірім төлем енгізуге көшеміз», - деді Tesla мен SpaceX басшысы.

    Бұл аяқ астынан айтылған пікір ме әлде Масктың ай сайынғы төлем енгізілетіні туралы ескертуі ме – белгісіз. Былтыр Twitter басшылығына келгеннен бері Маск пайдаланушылардан X Premium деп аталатын кеңейтілген қызмет үшін қосымша ақы алуға тырысты. Төлем енгізген жазылушыларға ұзақ жариялымдар қолжетімді және платформада көріну мүмкіндігі жоғары болды.
    Қазақпараттың жазуынша, қазір пайдаланушылар X әлеуметтік желісін бұрынғыша тегін пайдалана алады. X Premium-ді пайдалану бағасы – айына 8 АҚШ доллары. Баға абонент тұратын елге қарай өзгереді.
    Дегенмен Маск X әлеуметтік желісіне қолжетімділікті ақылы етсе – пайдаланушыларының көп бөлігін жоғалтып алуы мүмкін. Ол қазір компанияға көп кіріс әкеліп жатқан жарнамадан түсетін табысты азайтуға әкеледі.

     

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы