Үржар ауданында баспана мәселесі шешімін таппақ, деп хабарлайды Taulik.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында Үржар ауданында 2020-2022 жылдар аралығында 136 пәтер салынып, кезекте тұрған жергілікті тұрғындарға пәтер берілді.
Ал биыл Ақжар ауылында 22, Мақаншы ауылында 6, Науалы ауылында 2 екі пәтерлі тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған.
Еске салсақ, бүгінде Үржар ауданында 1205 азамат баспана кезегінде тұр.
Абай облысында тұрғын үй мәселесін шешу басты міндеттердің бірі екенін атап өткен жөн. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.