Бүгін 2 қазанда мүлік салығын төлеу мерзімі аяқталады, деп хабарлайды Taulik.kz.
2023 жылдың 1 қазанында жылжымайтын мүлік және жер учаскелері иелерінің 2022 жылға арналған мүлік салығын төлеу мерзімі аяқталды. Бірақ ағымдағы жылдың 1 қазаны жексенбі (жұмыс емес күн) болғандықтан төлем мерзімі келесі жұмыс күнінің соңында, яғни 2 қазанда аяқталады.
Жеке тұлғалардың мүлік салығын есептеу үшін салық кезеңі 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейінгі күнтізбелік жыл болып табылады.
Prg_jur телеграм арнасының мәлімдеуінше, төленуге жататын салық сомалары туралы хабарламалар ағымдағы жылдың шілде айында меншік иелеріне электронды түрде – салық төлеуші кабинетінде, E-gov порталында, қағаз жеткізгіште – тапсырыс хатпен, сондай-ақ түбіртектер – коммуналдық қызметтердің ЭРК, ALSECO хабарламалары жіберілді.
Сонымен қатар алдағы төлемдер туралы ақпарат «Kaspi Bank» АҚ және «Қазақстан Халық Банкі» АҚ мобильді қосымшаларын пайдаланушыларға PUSH хабарламалары түрінде жіберілді.
Салық төлеу коммуналдық төлем түбіртегі арқылы немесе мобильді қосымшаларды пайдалану арқылы бір рет қана жүзеге асырылады.