Taulik.kz | Тәулік бойы ақпарат тарату алаңы | Тәулік жаңалықтары | Бүгінгі жаңалық RU search

Ауғанстанға Қазақстаннан құтқарушылар мен гуманитарлық көмек жіберілмек

Жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2000-ға жуықтады

Ауғанстанға Қазақстаннан құтқарушылар мен гуманитарлық көмек жіберілмек

Президент Қ.Тоқаев Үкіметке, зілзаладан зардап шеккен Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсетуге тапсырма берді, деп хабарлайды Taulik.kz.

Ауғанстан жұртшылығына азық-түлік, дәрі-дәрмек, киім-кешек сынды тұрмыстық қажетті заттар жөнелтілмек. Сонымен қатар төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары мен кинолог мамандар да жіберіледі.

Еске сала кетейік, өткен сенбіде Ауғанстанның Герат провинциясында жер сілкінді. Қуаты 6,3 баллдық жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2 мыңға жуықтады. Жараланғандар 10 мыңға таяған. Зілзала елдің батысында Иранмен шекаралас Герат провинциясында болды. Одан кейін тағы екі қуатты дүмпу тіркелді. Жер сілкінісінен 1300-ден астам үй қираған. 13 ауыл жермен-жексен болды. Адамдар үйінділердің астынан әлі толық шығарылған жоқ. Сондықтан құрбандар саны көбеюі мүмкін. Ауғанстанда соңғы рет қуатты дүмпу былтыр жазда елдің оңтүстік-шығысында болды. Одан мыңнан аса адам қаза тауып, 1600 адам жараланды. Ондаған мың адам үйсіз қалды. Жылдар бойы ауыр гуманитарлық дағдарыстан шыға алмай отырған елге зілзала ауыр соққы болды.