Қазақстанда хиджабтағы қанша оқушы мектепте бармайды

Білім министрі жауап берді

Үкіметтегі брифинг барысында Ғани Бейсенбаев қанша оқушының мектепке бармайтыны жайлы ақпарат берді, деп хабарлайды Taulik.kz. 

Бейсенбаев ел бойынша жалпы статистикамен бөлісті.

"Қыркүйек айының басында 150-ден астам оқушы болды (хиджаб киіп, мектепке бармайтындар). Сіздер мектеп балаларға ең алдымен, сапалы білім мен тәрбие алуы үшін керектігін жақсы түсінесіздер. Сондықтан ата-аналардың көпшілігі осыны түсініп, қабылдай бастады. Қазіргі уақытта мұндай сұрақтар жоқ. Басқа аймақтар бойынша [деректер] орамал тағатын оқушылардың саны бойынша деректі қарау керек. Маған берілген ақпарат бойынша мұндай оқушылар жоқ", - деп жауап берді министр.

Айта кетейік, жаңа оқу жылы басталғалы бері  мектепте хиджаб кию мәселесіне қатысты дау-дамай өршіп тұр.

 

Loading...