Taulik.kz | Тәулік бойы ақпарат тарату алаңы | Тәулік жаңалықтары | Бүгінгі жаңалық RU search
15 қазан, 2023 / taulik / Жаңалықтар

Газа секторындағы халық қайда барады: Мысыр бас тартты

ХАМАС пен Израиль арасындағы соғыс басылған жоқ

Газа секторындағы халық қайда барады: Мысыр бас тартты

Мысыр президенті Абдель Фаттах эль-Сисси палестиналықтардың Газа секторынан Синай түбегіне қоныстануына қарсы екенін мәлімдеді.

Сенбі күні Мысыр мен Израиль Рафах шекара аймағын ашып, АҚШ азаматтарының Газа секторынан кетуіне мүмкіндік жасады. Ал Газа секторынан келетін басқа азаматтарға қатысты Мысыр әлі шешім қабылдаған жоқ.

Бейсенбіде президент Сисси палестиналықтардың Газа секторын сақтап қалуға тырысу керек екенін, олардың мәселесі арабтар үшін қымбатқа түсетінін, жерглікті халықтың шыдамдық танытып, өз жерлерінде қалуға тырысуы керек екенін айтқан.

Бұған дейін израиль әскерінің подполковнигі Ричард Хехт палестиналықтардың Газа секторын тастап, Мысырға қарай баруға шақырған. Кейін Израиль қорғаныс саласы ресм түрде өздерінің ешқандай ресми мәлімдеме жасамағандарын айтты.

Мысыр парламентінің мүшесі Мұстафа Бакри сенбіде саудияның Al Arabiya телеарнасына берген сұхбатында, Мысырдың «Израиль мен өзгеде елдерге қандай жағдай болмасын палестиналықтарды Синай түбегіне қоныстандыруға әрекет жасайтынын ескерткенін» айтты.

Бакридің айтуынша, жылдар бойы жоспарда мысыр территориясын жаңа палестинаның отаны ретінде пайдалануға әрекет болған. Париж университетінде саясаттану пәнінен сабақ беретін Хаттар Абу Диаб «Америка үніне» берген сұхбатында Мысырдың бұрынғы президенті Хосни Мүбарактың Израильдің палестиналықтарды Синайға көшіру жоспары бар деп мәлімдегенін, қазір шамамен 170 миллиард долларға бағаланған елдің қарызының бір бөлігін есептен шығару үшін мәлімдеме жасағанын айтты.

Мысыр-жапон университетінде бітімгершіліктен сабақ беретін Саид Садек Мысыр «Синайда палестиналықтардың көп болғанын қалмайды, өйткені бұл негізгі туристік аймақта тұрақсыздыққа әкелуі мүмкін, әсіресе олар Израильді Мысыр территориясынан атқылай бастаса» деп мәлімдеді. Садек сонымен қатар Мысырда палестиналықтардың көп болуы «Израильмен бейбітшілікті қолдайтын мысырлықтар мен еврей мемлекетімен соғысқысы келетіндер арасында тәртіпсіздіктер тудыруы мүмкін» деп мәлімдеді.