Ақтау портында мұнай экспорты 53%-ға ұлғайды

Ақтау порты арқылы тасымалданатын мұнай көлемі артты

ашық дереккөзден

Қаңтар-қыркүйекте мұндағы экспорт 2 млн 484 мың тоннаны құраған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 53%-ға артық.

Нақтыласақ, Ақтаудан Баку порты бағытында мұнай тасымалдау көлемі 870 мың тоннаға ұлғайып, 990,2 мың тоннаны құраған. Махачкала бағытында да еселеніп, 1 млн 495 мың тонна қазақстандық мұнай жөнелтіліпті. Бұл 2022 жылдың 9 айымен салыстырғанда 5,9 мың тоннаға аздау. Десе де, сұраныстың артуы жыл соңына дейін экспорт мөлшерін еселеуі тиіс. Енді Баку–Тбилиси–Джейхан мұнай құбырымен Теңіз кен орнынан жылына 1,5 млн тонна тасымал жасауға келісім жасалмақ.

Loading...