Ақтөбеде белсенді Ахмет Сәрсенғалиев 12 тәулікке қамалды

Ақтөбе сотының хабарлауынша, Сәрсенғалиев “бейбіт жиналыстарды өткізу тәртібін бұзу” бабы бойынша айыпталған.

ашық дереккөзден

Бұған дейін Алматыда белсенді Нұртай Шегебекұлы, Дархан Уәлиев, Марат Мусин, Бесжан Төлеубекұлы 15 күнге, Семейде Елдос Досанов 7 күнге қамалған еді. Оралда да белсенді Мәруа Ескендірова 10 күнге қамауға алынды.

Астанада Мереке Нұғманова, Айдар Сыздықов, Марат Темірбеков және Сейілхан Түсбеков, Жахин Амангелді, Евгений Поневин, Нұржан Қажығалиев, Қанатхан Әміренов және Мәди Жылысов секілді белсенділер 15 тәулікке тергеу изоляторына жіберілді.

Loading...