logo
search
menu
Газа секторында Қазақстан азаматы қаза болды

Газа секторында Қазақстан азаматы қаза болды

СІМ мәлімдеме жасады

Газа секторында Қазақстан азаматы қаза болды, деп хабарлайды Taulik.kz.

Бұл туралы ҚР СІМ ақпарат таратты. 2023 жылғы 22 қазанда Газа секторын атқылау салдарынан Қазақстан азаматы қаза болды. Онымен бірге Палестина азаматы болған оның 23 жастағы қызы да қайтыс болған.

“Отандасымыз  Газа секторында Палестина азаматы болып табылатын күйеуімен бірге ұзақ уақыт бойы тұрды” - делінген хабарламада.