Taulik.kz | Тәулік бойы ақпарат тарату алаңы | Тәулік жаңалықтары | Бүгінгі жаңалық RU search
24 қазан, 2023 / taulik / Жаңалықтар

13 өңірде дауылды ескерту жарияланды

24 қазанға арналған ауа райы болжамы жарияланды.

13 өңірде дауылды ескерту жарияланды
Ашық дереккөз

Астанада және еліміздің 13 облысында 24 қазанда дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады taulik.kz.

Астанада оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды деп күтіледі. 

Түнде Ақмола облысының солтүстігінде, батысында көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың басым бөлігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде соққан желдің екпіні - 25 м/с. Көкшетауда түнде және таңертең көктайғақ болады деп күтіледі. Таңертең және түстен кейін облыстың солтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с құрайды.

Түнде және таңертең Қарағанды облысының оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Қарағандыда оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15 м/с болады деп күтіледі. 

Жетісу облысының солтүстік-шығысында шығыстан соққан желдің 15-20 м/с, түнде 25 м/с болады деп күтіледі.

Ақтөбе облысында солтүстігінде , күндіз өңірдің батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. 

Күндіз Абай облысының солтүстігінде, батысында, орталығында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп болжанады. 

Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен өңірдің батысында, оңтүстігінде жел соғады, кей тұста 23-28 м/с болады деп болжанады. Петропавлда жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман болады деп күтіледі. 25 қазанда күндіз оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15/20 м/с құрайды, 26 қазанда өңірдің таулы аудандарында, оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Түнде өңірдің солтүстігінде, таулы аудандарында сынап бағаны 2 градус суықты көрсетеді, түнде үсік жүреді деп болжанады. Таразда тұман болады деп күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.

Түнде Түркістан облысының таулы ауданы мен тау бөктерінде тұман болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, таулы аймақтарында сынап бағаны 2 градусқа дейін төмендеп, үсік жүреді деп күтіледі. Шымкентте түнде тұман түсуі ықтимал. 

Күндіз Павлодар облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с,  Павлодарда күндіз оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с болады деп болжанады. 

Түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 23 м/с. Қостанайда түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде сынап бағаны 1 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп күтіледі. Алматыда түнде тұман болады.