logo
search
menu

Ақтаулық спортшының өлімі: полицейлердің үстінен іс қозғалды

21 жастағы қыздың өлімі бойынша материал жинаған полиция қызметкерлеріне айып тағылып отыр.
24 қазан, 2023
Ақтаулық спортшының өлімі: полицейлердің үстінен іс қозғалды

Мазмұны

    Ақтаулық спортшы Валерия Шальнованы өлтіріп, зорлау фактісін тергеп жатқан полицейлердің үстінен іс қозғалды, деп хабарлады Taulik.kz Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

    21 жастағы спортшыны өлімі бойынша материал жинаған полиция қызметкерлеріне «қызметтік өкілеттігінің шегінен шығып кетті» деген айып тағылып отыр.

    Бұған дейін зардап шеккен тараптың адвокаты Ажар Әбділ құқық қорғау органдарының кейбір қызметкерлері қылмысты жасыруға тырысып, оның дер кезінде ашылуына белгілі бір кедергілер жасағанын айтқан еді.

    Еске сала кетейік, 2 шілде күні МАЭК су алатын каналының маңынан ақтаулық 21 жастағы спортшының денесі табылды.

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы