Өзбекстан Қызғызстанға тікұшақтарын қайтарып берді

Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады

Өзбекстан қорғаныс министрлігі Қырғызстан әскери әуе күштерінің Ми-8МТВ тікұшақтарын жөндеп, көрші елге қайтарды, деп хабарлайды Taulik.kz.

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қырғызстан әскери авиациясына екі әскери тікұшақ қосылғанын әлеуметтік желілерде жазды.

Мәліметтерге қарағанда, 2021 жылы Өзбекстан Қырғызстанға қайтарымсыз көмек ретінде Ми-8МТВ әскери тікұшағын берген.

"Содан кейін Қырғызстан әскери әуе күштеріндегі дәл осындай бір тікұшақ Өзбекстандағы "Шыршық авиация жөндеу зауытына" тапсырылған. Өзбекстан қорғаныс министрлігі жөндеу жұмыстарын өз мойнына алған ", - деп жазды Қырғыз президенті.

Loading...