Елімізде Республика есімді қанша адам бар?

Ұлттық статистика бюросы мәлімет таратты.

Ашық дереккөз

Ұлттық статистика бюросы елде Қазақстан және Республика есімді қанша адам бар екенін хабарлады, деп жазады taulik.kz.

Мәлімет бойынша, Қазақстанда Республика есімді адам жоқ.

Бірақ Казахстан немесе Қазақстан деген есім 31 адамға қойылған. Олардың бірі – әйел, қалғаны – ер. Олардың 8-і Ақмола облысында, 7-еуі Қарағанды облысында, 5-еуі Астанада, 3-еуі Қостанай облысында, 2-еуі Шымкент пен Маңғыстау облысында тұрады. Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында бір-бірден.

Loading...