Әлемдегі ең биік Ниагара сарқырамасы Қазақстан туының түсіне боялып, мыңдаған туристті тәнті етті, деп хабарлайды Taulik.kz
Осылайша Республика күнінде мыңдаған турист әлемдегі ең көрікті жерлерінің бірінен еліміздің байрағын тамашалады. Арнайы жарық беру құрылғылары арқылы көк сары түске енген сарқыраманың ерекше бейнесі бір сәтке туристерді тәнті етті.
АҚШ-тың мегаполисі Нью-Йоркте де еліміздің әнұраны шырқалып, көк байрағы көтеру рәсімі өтті. Салтанатты шараға қала мэрі Эрик Адамс қатысып елімізді мерекемен құттықтады. Сондай-ақ Геннадий Головкиннің жанкүйерлері, қазақстандық студенттер мен отандастырмыз да келді.
Нью-Йорктегі қазақтар қауымдастығы ұйымшыл әрі мықты бизнес иелері. Олар отбасылық құндылықты жоғары қоятын, қоғамдық қауіпсіздікке үлкен мән беретін тамаша азаматтар. Сондықтан туды көтеріп құрмет көрсеткенімізге қуаныштымыз",- деді Нью-Йорк қаласының мэрі Эрик Адамс.
Сонымен қатар Республика күніне орай Канаданың екі бірдей Торонто мен Калгари қаласында көк байрағымыз желбіреді. Бұл шаралар екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасының қандай деңгейде екенін көрсетеді.