Қарағанды облысында үш адам сібір жарасын жұқтырды

Жұқтырған үш адаммен қатар, байланыста болған 30 адам анықталды

ашық дереккөзден

Қарағанды ​​облысының Топар ауылында сібір жарасының жергілікті жағдайы анықталды. Жағдай уәкілетті қызметтердің бақылауында. Оқиға орнында санитарлық-эпидемиологиялық бақылау, денсаулық сақтау, ветеринариялық бақылау комитетінің аумақтық инспекциясы мен ветеринария басқармасының бір топ қызметкерлері жұмыс істеуде. Қазір науқастар ауруханада жатыр, деп хабарлайды Taulik.kz.

Топар кентіне кіретін екі жол болса, біріне блок-бекет қойылған. Ал мына екінші бағытта санитарлық бекет жұмыс істеуде. Елдімекеннен мал, ет, сүт өнімдері, жем-шөп алып шығаруға және ішке кіргізуге болмайды. Тұрғындардың өзі қатаң бақылаумен өтуде. Ветеринар мамандардың берген мәліметінше қауіпті инфекция жұқтырған үш адам да бір отбасының мүшелері. Олар бұзауды сойып, етін тұтынған. Содан кейін өздерін жайсыз сезініп, дәрігер шақыртқан. Қазір жұқпалы ауруларды емдейтін ауруханада жатыр. Сібір жарасы бұл адам өміріне қауіпті ауру. Көбіне мал терісін ұстау, еті мен сүтін тұтынудан жұғады. Кентте өзге Сібір жарасы ошақтары анықталмаған. Осыған қарағанда алдын-ала болжам бойын инфекция сырттан жеткізілген жем-шөптен де болуы мүмкін,- дейді мамандар.

Заң бойынша сойылған мал өлексесінің бөліктері кәдеге жаратылады.

«Ауылда эпизоотияға қарсы және эпидемияға қарсы санитарлық-ветеринарлық шаралардың барлығы індетті оқшаулау және жою бойынша жүргізілуде. Барлық тексерілген ошақтарда дезинфекция жұмыстары жүргізілді. Ветеринария мамандары үй-үйді аралап, жануарларды клиникалық тексеру және термометрия арқылы мәжбүрлеп егу жұмыстарын жүргізеді. Вакцинацияға дайындық жүргізіледі. Ауылға Абай қаласынан кіре берісте көліктерді санитарлық өңдеуден өткізу үшін бағана орнатылған. Карантиндік шараларды сақтау үшін ауылға Жартас жақтан келетін екінші кіреберіс уақытша жабылды. Тұрғындардың қозғалысына шектеу қойылмаған. Сондай-ақ малды әкелуге және әкетуге, оны шаруа қожалықтары ішінде өткізуге, ауру малдың сүтін пайдалануға, мал союға және аумақтан жем мен жемшөп қоспаларын әкетуге тыйым салынды», - деп хабарлады облыстық басқарма.

 

Loading...