Шымкентте бүтін бір отбасының мүшелері ыстан уланып, қаза тапты

Оқиға Шымкенттің “Ынтымақ” ықшамауданында орын алған

ашық дереккөзден

Шымкенттің “Ынтымақ” ықшамауданындағы жеке үйде бір отбасының бес мүшесі қаза болды, олардың үшеуі - бала, деп хабарлайды Taulik.kz.

Шымкенттің “Ынтымақ” ықшамауданындағы жеке үйде бір отбасының бес мүшесі қаза болды, үшеуі - бала. Болжам бойынша, оларға газ тиген. Шымкент қалалық төтенше жағдай департаменті баспасөз қызметі оқиғаны растады. Бірақ бес адамның қаза болу себептері анықталып жатыр деді.



"Газ колонкісі жанған деп айтылады. Олар газ тиіп қайтыс болды ма, әлде оған дейін өлген бе, ол жағы белгісіз. Әзірге біздің қолымызда нақты мәлімет болмай тұр" - деп хабарлаған баспасөз қызметінің өкілдері Азаттыққа.

 



Шымкенттен хабар тарататын vera.kz сайтының хабарлауынша, қайғылы оқиға 27 қазанда күндіз “Ынтымақ” ықшамауданындағы жеке үйлердің бірінде болған. Жедел жәрдем дәрігерлері 1984 жылғы ер мен әйел және олардың 2012, 2007 және 2008 жылғы балаларының өлімін тіркеген.

Оқиға орнына барған апаттық бригада газ құрылғыларын пайдалану ережесі бұзылғанын анықтаған.

Loading...