logo
search
menu
Екібастұзда үш жасар қыз қайнаған суға күйіп қайтыс болды

Екібастұзда үш жасар қыз қайнаған суға күйіп қайтыс болды

Жедел жәрдем көлігі келгенше бала оқиға орнында қаза болған

Екібастұзда үш жасар қыз қайнаған суға күйіп қайтыс болды, деп хабарлайды Taulik.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 30 қазан күні түнгі 02:25-те қайнаған судан күйік шалған қыз туралы хабарлама түсті. Дәрігерлер оқиға орнына алты минутта жетті.

"Термиялық күйік шалған үш жасар қыз бала қайтыс болған. Денесінің 40%-ын күйік шалғаны анықталды", – деді басқармада.

29 қазан күні сағат 14:00-де тоғыз жасар қызы үш жастағы сіңлісін шомылдырғысы келген. Абайсызда қайнап тұрған суы бар легенді қолынан түcіп кетіп, бала ыстық суға күйіп қалған. Күндіз балалар әжесі мен атасының қарауында болған. Анасы бұл жағдай туралы кешкі уақытта біліп, жедел жәрдем шақырған. Бірақ тым кеш болған. Жедел жәрдем көлігі жеткенше 6 минутта бала оқиға орнында көз жұмған.