Аягөзде өрттен қаза болған 4 баланың ата-анасына пәтер берілмек

Мемлекет отбасыны тұрғын үймен қамтамасыз етеді

Аягөз қаласында өрттен қаза болған 4 баланың ата-анасына 2 бөлмелі пәтер беріледі, деп хабарлайды Taulik.kz.

“Қазір екі бөлмелі пәтердегі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын, ол жақында осы отбасыға беріледі. Пәтер толығымен жиһаздалған және жақында дайын болады”, – деп мәлімдеді әкімдік.

Еске сала кетейік, бұған дейін Абай облысында бір үйдің төрт баласы өрт кезінде уланып, көз жұмғаны белгілі болған еді. Кейінірек полиция төрт баланың өліміне қатысты тергеуді бастағаны белгілі болды.

Loading...