«Өзімнің басымды біреудің істемеген жұмысына тіккім келмейді» - министрлік өкілі

Министрлік өкілі сұраққа ашық жауап берді.

«Ашық алаң» бағдарламасының кешегі тікелей эфирінде «Қысқа дайынбыз ба?» Деген тақырыпта талқылау жүрді. Taulik.kz аталған эфирдегі ең түйіткілді айтылған ойларды, мәселелерді назарларыңызға ұсынады.

Эфирге: ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасының орынбасары, энергетик, «Астана-АЭК» АҚ бақылау бөлімінің бас сарапшысы, Астана қаласының Отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы, Жылумен қамту бөлімінің бас маманы және ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты секілді белді қонақтар қатысты.

Жылу маусымына қарай әр өңірдегі мекемелер «дайындық паспортын» алуы тиіс. Бұл тікелей комиссияның шешімі арқылы қабылдануы керек. Міне, осы тақырыпты көтерген кезде ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасының орынбасары Азат Сәрпеков былай деді:

«Дайынмын» деп «дайындық паспортын» алып, бірақ дайын болмай шыққан мәселеге куә болғанын ағамыз айтып отыр. Мен өзім осы министрлікке келгеніме көп болмаса да, биылдан бастап әр «дайындық паспортына» комиссия мүшелері қол қояды. Солардың ішінде мен де бармын. Сондықтан мен өзімнің басымды біреудің істемеген жұмысына тіккім келмейді. Биылғы комссия жұмысына риза болдым. Себебі ертең жауапкершілікті арқалап алып, оны орындамай құзырлы органдардың алдында басымды салбыратып отырғым келмейді. Оның үстіне бұл халықтың мүддесі болған соң, жұмыс дайын болмаса мен қол қоймаймын».

Loading...