Костенко шахтасында болған қайғылы оқиға тергеліп жатыр – Бас прокуратура

Сот сараптамалары тағайындалды

Ведомствоаралық жедел-тергеу тобы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Костенко атындағы шахтада болған оқиғаларды тергеуді жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Taulik.kz azattyq.ruhy.kz агенттігіне сілтеме жасап.

Бас прокуратураның хабарлауынша, жергілікті орында үйлестіруді Бас прокурордың бірінші орынбасары жүзеге асыруда.

«Газ-метан қоспасының жарылуының себептері мен жағдайларын анықтау мақсатында шахтаға түсу арқылы оқиға орнын алғашқы тексеру жүргізілді. Ауысым қызметкерлерінен, «АМТ» Көмір департаментінің басшылары мен жауапты қызметкерлерінен жауап алынды», - делінген ведомство хабарламасында.

Бірқатар сот сараптамалары, оның ішінде жарылыс-техникалық, биологиялық, геномдық-молекулалық және т.б. тағайындалды.

Кеншілер еңбегінің қорғалуының материалдық қамтамасыз етілу талаптарына сәйкестігін тексеру және қорытынды беру үшін мемлекеттік аудит мамандары мен басқа да сарапшылар тартылды.

«Шахтада жұмыстарды ұйымдастыруға және қауіпсіздік техникасын қамтамасыз етуге арналған құжаттамар алынып, талдануда. Өзге де қажетті іс-шаралар өткізілуде.Кінәлі тұлғалардың іс-әрекеттеріне тиісті құқықтық баға берілетін болады.

Зардап шеккендер мен туыстарының қатысуымен өткізілетін тергеу әрекеттері олардың денсаулық жағдайы және жерлеу рәсімдерін өткізу қажеттілігін ескере отырып жүргізілетін болады», - дейді прокуратура өкілдері.

Қазіргі кезде тергеу жалғасуда. Қылмыстық іс Бас прокурордың бақылауына алынды. 

Өзге ақпарат Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.

Loading...