logo
search
menu

Елімізде «QosLike» және «Қалаулым» сияқты бағдарламаларға тыйым салу туралы петиция жарияланды

«QosLike» және «Қалаулым» жобаларына тыйым салынбақшы
2 қараша, 2023
Елімізде «QosLike» және «Қалаулым» сияқты бағдарламаларға тыйым салу туралы петиция жарияланды

Мазмұны

    Петицияда хайп пен бағдарламаның рейтингін арттыру үшін қолдан жасалатын жанжалдардың және басқа да келеңсіз әрекеттердің көріністері жиналған жағымсыз эмоцияларды күшейтетіні айтылған, деп хабарлайды Taulik.kz.



    «Бұл шоулар қазақ отбасының салауатты қарым-қатынасының нормаларына, қоғамға сіңіруге тырысып жатқан адамгершілік пен құндылықтарға қайшы келеді.

    Атаулы жобаларда тәрбиелік, тағылымды, мағыналық, отансүйгіштік, адамгершілікті арттыратын, игі, жағымды идеялар, мақсаттар мен құралдар жоқ», - делінген хабарламада.

    Петицияны жариялағандар бағдарламаның мәдениетке жат екендігін айтып, жобаларды жабуды талап етті. Сондай-ақ автор мұндай шоулардың Түркиядан шыққанын, бірақ ол жақта тыйым салынғанын айтты.


    «Бағдарламаларда жастардың жаман мінез-құлқы мен дөрекі сөздер жиі көрсетілгендіктен, Түркияда оны ұятсыз және ұлттық мәдениетке қайшы деп санады. Сондықтан телевизиялық кеңістік барлық азаматтар үшін пайдалы және шабыттандыратын болуы керек. Осы себептермен мұндай азғын, келеңсіз жобаларды үзілді-кесілді жабуды талап етеміз», - деді петицияны жариялағандар.

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы