Алматыда мектептердің бірінде мас күзетші алтыншы сынып оқушысын зорламақ болған. Оқиғадан кейін №160 мектептің директоры жұмыстан шығарылған, деп хабарлайды Taulik.kz.
Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында Ғани Бейсенбаев ата-аналардың наразылығын тудырған оқиғадан соң мектеп басшылығының ауысқанын сұрады.
«Аталған білім беру ұйымының басшысы жұмыстан босатылды. Білім басқармасы тарапынан тиісті шаралар қабылданды. Бұл оқиға бойынша тергеу жүріп жатыр. Сондықтан мұндай фактілерді көрген бойда балалардың құқықтарын қорғау комитеті бірден оқиға орнына барып, тергеуге қатысады және барлық оқиғалар комитеттің тұрақты бақылауында болады. Сондықтан тиісті жұмыс жүргізілуде. Тек бұл мектепте ғана емес. Әр жағдай бойынша жедел түрде тиісті кеңестер өткізіледі», – деді министр.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыдағы №160 мектептің ата-аналарының бірі Қарасудағы жалпы білім беретін мектептің күзетшісі алтыншы сынып оқушысына зорлауға оқталғаны үшін қамауға алынғанын хабарлаған. А