Боксшы Алдияр Баһадүр Азия чемпионы атанды

Бүгін қыздар арасында Аяжан Сыдық, Толғанай Қасымхан мен Алина Құдайгенова Азия чемпионы атанды.

Астанада бокстан жасөспірімдер ерлер және қыздар арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында 48 келі салмақтағы Алдияр Баһадүр құрмет тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

Боксшы финалда Түркіменстан боксшысы Санжар Хамраевты 5:0 есебімен жеңіп, Азия чемпионы атанды.

Бұған дейін жасөспірім боксшылар арасында  Қазақстан тарихындағы бірінші Азия чемпионы 2004 жылы Самат Бәшенов  чемпион атанған болатын. Одан кейін 2017 жылы Махмұд Сабырхан бірінші орынды жеңіп алды.

Еске салсақ, жасөспірімдер арасында мына боксшылар Азия чемпионы атағына таласатыны белгілі болған: 46 келі салмақта Нұғман Нығмет, 48 келіде Алдияр Баһадүр, Нұрасыл Төлебек (52 кг), Бауыржан Мұратов (54 кг), 60 келіде Асқар Қуаныш, Бекарыс Нұрмұхан (66 кг), Жасұлан Бердалы (70 кг), Жандос Алпысбаев (75 кг), Бақытжан Айтмұханов (80 кг), Бексұлтан Қайратұлы (+80 кг).

 

Loading...