Жарты миллион табуға көмектесетін жоба: Дариға Назарбаеваның ұсынғаны рас па?

Дариға Назарбаева жоба ұсынғаны рас па?

Желіде Дариға Назарбаева қазақстандықтарға екі сағатта 500 мың теңге табуға мүмкіндік беретін жоба жайлы видеолар таралған болатын.

Белгілі болғандай, бұл фейк ақпарат екені анықталды. Бұл видеоның түпнұсқасы осыдан үш жылдан астам уақыт бұрын ҚР Сенатының жалпы отырысында түсірілген.

«Бұл кездесу туралы сюжет «Хабар» телеарнасында 2019 жылдың 20 желтоқсанында жарияланған және әлі күнге дейін YouTube желісінде бар. Түпнұсқа видеода сол кездегі Сенат спикері қызметін атқарған Дариға Назарбаева мемлекет туралы, елдегі теміржол саласы жайында әңгімелейді.  Ешқандай тез ақша табуға уәде беретін жаңа жоба туралы емес» делінген хабарламада.

 

Loading...