logo
search
menu
Өзбекстанда никаб киюге ресми түрде тыйым салынды

Өзбекстанда никаб киюге ресми түрде тыйым салынды

Өзбекстан баспасөз қызметі никаб киюге қатысты мәлімдеме жасады

Өзбекстан әділет министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев заңнамаға өзгертулер енгізуге қол қойды. Құжат ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

«Қоғамдық орындарда тұлғаны анықтауға мүмкіндік бермейтіндей дәрежеде бетін жабық ұстау айыппұл салуға әкеп соғады, оның мөлшері 3,3 миллионнан 4,95 миллион сумға дейін (126-189 мың теңге - ред.) делінген әділет министрлігінін мәлімдемесінде.

Сондай-ақ, республика екі немесе одан да көп әйелмен тұруға итермелейтін немесе осындай идеяларды тарататын адамдарға айыппұл салады немесе 15 тәулікке дейін қамауға алады.