Қарағанды облысында жол апатынан алты адам қаза тапты

Жол апатының мән-жайын анықтауға тергеу жұмыстары жүргізілмек

6 қараша күні Алматы-Екатеринбург тас жолында Volkswagen жеңіл автокөлігі мен Volvo жүк көлігі соқтығысты, деп хабарлайды Taulik.kz агенттігі polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен оның бес жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.

Аталған дерек полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиға орнында тергеу тобы жұмыс жасап жатыр.

Loading...