«Халыққа жағдай жасамаса екінші қаңтар болады» – Ахметбек Нұрсила

Қандай жағдайда екінші қаңтар қайталануы мүмкін: кәсіпкер жауап берді

Кәсіпкер, алғашқы қазақтілді бизнес-тренерлердің бірі, Бизнес Бастау мектебінің негізін қалаушы Ахметбек Нұрсила "Бағдар" медиа-каналына берген сұхбатында қандай жағдайда екінші қаңтар қайталануы мүмкін екенін айтты, деп жазады Taulik.kz.

"Қаңтар оқиғасының болатынын билік болжаған жоқ, Назарбаев білмеді. Білсе, оның алдын алатын еді. Дәл сол күні ұл-қыздары, күйеубалалары қолына түссе оларды қан жуса қылатын еді. Олар мәңгілік солай отыра береміз, полиция қолымызда, әскер қолымызда, ақша мен банк қолымызда, билік қолда, мәңгілік билей береміз, бауырларыма билікті беріп кетемін деп ойлады. Егер қазіргі билік те сол қателікті жасайтын болса, халықтың мұң-мұқтажын біліп, халық не оқып жатыр, не істеп жатыр, мектептерде не болып жатыр, жатақханалар мен көшеде, базарда не болып жатыр, халық қалай күн көріп жатыр, халықтың ойы неде соны зерттеп, халыққа жағдай жасамаса екінші қаңтардың болуы әбден мүмкін.

Мысалы мен бірінші қаңтардың болатынын білмедім, билік те білген жоқ деп ойлаймын. Биліктің есі дұрыс болса, Тоқаев абыроймен кетемін десе, халықпен тығыз байланыста болып, халықпен жұмыс істеу керек."- деді ол ашына.

 

 

Loading...