Дұрыс тамақтану бойынша сарапшы, аспаз Сергей Синицын лавр жапырағын пайдалану және сақтау құпиясымен бөлісті, деп хабарлады Taulik.kz.
Синицынның айтуынша, лавр жапырағына қатысты түрлі пікір бар. Мысалы, оны тамақ әзірлегенде тұтас салу және дайын болғаннан кейін қалдыру керек деп есептеледі. Алайда бас аспаз былай істеуге мүлдем болмайтынын айтты.
"Лавр жапыраған дұрыс пайдалану үшін, пайдалы және дәмді болуы үшін оның тамақ дайын болғанға 5 не 10 минут қалғанда салу керек және содан кейін оны міндетті түрде алып тастаған дұрыс. Әйтпесе эфир майымен бірге тамақ ащы болып кетеді. Бұл - айтарлықтай мықты дәмдеуіш. Сондықтан оны тамақ ыстық болып тұрғанда салған жөн", - деді ол.
Ол ас қорытуды қалыпқа келтіріп қана қоймай, тәбетті жақсартады, қан тамырларын тазартып, қан қысымын қалыпқа келтіреді, ағзадағы қабынуды басады, әсіресе буындардың қабынуына жақсы әсер етеді. Сондай-ақ лавр жапырағы денеден тұздарды кетіруге қабілетті, салмақ жоғалтуға көмектеседі, иммундық жүйені нығайтады және жүйке жүйесінің жұмысын қалыпқа келтіреді, сонымен қатар антисептикалық және антифункционалды әсерге ие.
Лаврдың емдік қасиеттері мұнымен шектелмейді. Сарапшылар аталған өсімдік шашымыздың күйіне әсер етіп, тіпті қайызғақтан арылуға көмектесетінін айтады.