Жұмыстан еркінен тыс шығарса қандай шара қолдану керек?

Жұмыстан негізсіз шығарса, өз құқығыңызды қорғаңыз

Жұмыс орнында күнінің көп бөлігін өткізетін жұмысшылардың арасында өз құқықтарын білмейтіндер де жиі кездеседі. Ал сізді еркіңізден тыс жұмыстан шығарса, кімге шағымдана аласыз? Бұл туралы Алматы қалалық адвокаттар алқасының мүшесі, заңгер Эльнура Кішкенебаева пікір білдірді, деп жазады Taulik.kz.

Заңгер ретінде менің айтарым, жұмыс беруші еш уақытта қызметкерді алдын ала ескертусіз жұмыстан шығара алмайды, ол үшін негіз керек. Егер де қызметкер тәртіп бұзған болса, тәртіптік іс бойынша  материалмен міндетті  түрде таныстырылады.

Ал егер де жұмыстан шығарылуына ешқандай мұндай негіз болмаса, қызметкер сотқа шағым түсіруге құқығы бар және әдетте сот қызметкер жағында болады.

Сонымен қатар, қызметкер жұмысынан шықаннан кейін бір айлық еңбек демалысына тең төлемді ала алады. Ал кейбір мемлекеттік қызметкерлер үш айлық жалақысын алуы мүмкін. 

Кейбір жұмыс берушілер қосымша бір ай жұмыс істеу кезінде жалақы төлемейді. Бірақ ақысыз қосымша жұмыс заңсыз емес, себебі бұл мәселе де келісім шартта көрсетіледі. 

Жұмыстан шықаннан кейін, қызметкерге берілетін төлемақының сомасы жұмыс өтіліне байланысты емес, тек оның ай сайынғы алатын жалақысына қарай белгіленеді. Қысқартуға ұшыраған қызметкерлерге кейбір жұмыс берушілер үш айға дейін жалақы төлейді. Ал өз еркімен жұмыстан шығатындар еңбек демалысына төленетін сомаға тең өтемақы алады.  

Сонымен қатар қызметкердің басқа құқықтары жайында айта кететін болсақ, еңбегі үшін ақы алуға, демалуға, жұмыс істеуге қажетті жағдайды талап етуге құқығы бар.

Loading...