Қазақстан – Сан-Марино: футбол жанкүйерлері үшін қоғамдық көліктің уақыты ұзарды

Қазақстан – Сан-Марино арасындағы футбол ойынының жанкүйерлері үшін автобустар түнде де жұмысын жалғастырады

Қазақстан – Сан-Марино арасындағы футбол ойынының жанкүйерлері үшін автобустар түнде де жұмысын жалғастырады. Бүгін, 17 қарашада елордалық «Астана Арена» стадионында Қазақстан мен Сан-Марино құрамалары арасындағы Еуропа-2024 чемпионатының іріктеу матчы өтеді, деп хабарлайды Taulik.kz.

Матч Астана уақытымен сағат 21:00-де басталады. City Transportation Systems ақпараты бойынша, бұл күні «Астана Арена» стадионына қоғамдық көліктің жұмысы күшейтіледі. Жанкүйерлерге ыңғайлы болуы үшін және кептелісті азайту мақсатында сағат 19:30-да арнайы шаттл-автобустар ұйымдастырылады:

  •  «Астаналық цирк» тұрағы;
  •  «Қазақстан» СК тұрағы;
  • «Әзірет Сұлтан» мешітінің тұрағы;
  •  «Әбу Насыр Әл-Фараби» мешітінің тұрағы (Нұр-Астана);
  •  «Жастар» сарайының автотұрағы.

Ойын аяқталғаннан кейін жанкүйерлер Қабанбай даңғылындағы аялдамаларда күтіп тұратын № 10, № 12, № 21, № 26, № 27, № 28, № 37, № 40, № 49, № 51, № 53, № 60, № 303 қалалық және қала маңындағы маршруттармен кете алады.

Көлік жүргізушілеріне жарыс кезінде қоғамдық көлікті пайдалану ұсынылады.

Loading...