ҚР еңбек сіңірген әртісі Ақжол Мейірбеков қайтыс болды

Әнші Ақжол Мейірбековтың денсаулығы соңғы кездері сыр берген.

Журналист Мадина Оқас әнші Ақжол Мейірбеков туралы суық хабар жеткенін айтып, жазба қалдырды.

«Ақжол ағамыз дүниеден озды деген суық хабар жетті. Талай мәрте қонақ болып, ән-әңгімесін тыңдап ек. Соңғы барғанымда денсаулығының мәз емес екенін айтып, көңілсіз жүрген. Ауру ақыры алып тынған екен...

Иман байлығын берсін!» делінген жазбада.

Ақжол Мейірбеков - «Дос-Мұқасан» ансамблінің құрамында әнші болып, Бүкілодақтық, дүниежүзілік және халықаралық фестивальдар мен байқауларға қатысып, лауреаты атанған. Кейіннен Алматы облыстық Сүйінбай атындағы филармонияның «Арқас», «Сазген», «Адырна» ансамбльдерінің әншісі болды. 1994-1996 жылдары «Гүлдер» ансамблінің директоры әрі көркемдік жетекшісі қызметтерін атқарған. Бірнеше медальдармен марапатталған. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі.

Loading...