Қазақстандық аралас жекпе-жек жұлдызы Қуат Хамитов қазақстандық футболшыларға үндеу жасады. Қуаттың сөзінше, олар алып отырған жалақыларын ақтамайды және спорттағы жетістіктері де жоқ.
«Осы футболшылардың арасынан осы күнге дейін бір адам «жігіттер, халықтың ақшасын алғанды тоқтатайық, 30 жылда футболға 1,5 миллиард ақша кетті. Көрсетіп жатқан нәтиже жоқ. Не бір жарыс ұтпадық. Әлемдік рейтингте 99-100-орында тұрмыз. Халықты тонағанды тоқтатып, демеушіні өзіміз тауып, шамамыз келгенше өзіміз нәтиже көрсетейік» дейтін бір жігіт шыға ма деп күтіп едім!», - деп шүйлікті спортшы.
Ал желідегі жұрттың бірі Хамитовтың сөзін қолдаса, енді бірі оның пікірін жоққа шығарып, футболшылардың еңбегін айтып жарысуда.